Сайт бойынша іздеу

Aa+
sitemap

Сайт картасы

«Мектеп мақтанышы!»

“Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл жалпы білім беретін мектебі” КММ 8 “А” сынып оқушысы Сапар Ельнур өзінің ғылыми-жаратылыстану бағытындағы ғылыми жоба байқауларындағы үздік нәтижелері үшін ауданымыздың атынан “Балдәурен” Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Адамзаттың жұлдызды қадамы» атты жас жаратылыстану ғалымдарының республикалық кездесуіне қатысты. 20 қазаннан бастау алып, 8 қарашаға дейін жалғасқан бұл ауысым Ельнурды ғылымға бір қадам жақындатты.
Жәкіртімізге үлкен үміт артып, талай белестерді бағындырады деп сенеміз.