Сайт бойынша іздеу

Aa+
sitemap

Сайт картасы

Аудандық семинар «Оқушылардың функционалдық сауаттылығы- сапалы білім берудің маңызды шарты»

2023 жылдың 16 қарашасында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес Әулиекөл ауданының білім бөлімінің Ш.Шаяхметов атындағы Сұлукөл ЖББМ базасында ауданның география, математика, физика пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың функционалды сауаттылығы – сапалы білім берудің маңызды шарты» тақырыбында практикалық семинар өткізілді.
Семинар барысында Ш.Шаяхметов ат.Сұлукөл ЖББМ педагогтері Максимович Н.М., Жангабылов К.Б., Кусаинова Ж.К., Шопанова Л.К., Есебаева Б.С., Жумагалиев А.А. өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектептің педагог-психологі Стригина С.А. қатысушылармен кәсіби шаршаудың алдын алу тренингін өткізді. Семинар соңында қатысушыларға білім бөлімінің алғыс хаттары берілді.